«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

Күздік бидайды өсіруде топырақ өңдеу технологияларының агробиологиялық және өнімдік көрсеткіштерге әсері

04.03.2026 ж. «Күздік бидайды өсіруде топырақ өңдеу технологияларының агробиологиялық және өнімдік көрсеткіштерге әсері»
Егіншілік және өсімдік шаруашылығы бөлімінде күздік бидайды өсіруде топырақ өңдеу технологияларының агробиологиялық және өнімдік көрсеткіштерге әсерін анықтауға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
🔬 Зерттеу нысаны:
Дақыл – күздік бидай, сорт Стекловидная 24
Себу мерзімі – 14 қазан 2025 жыл
Себу мөлшері – 140 кг/га
🌱 Минералдық қоректендіру:
Тәжірибеде тұқымды себумен қатар 70 кг/га мөлшерінде аммофос енгізілді (әсер етуші заттар: P₂O₅ – 46%, N – 12%). Барлық нұсқаларда қоректендіру деңгейі бірдей сақталды.
⚙ Зерттелген технологиялар:
Тікелей себу (No-till)
Жеңіл өңдеу бойынша себу (минималды технология)
Дәстүрлі технология
📊 Зерттеу мақсаты:
Бірдей агротехникалық жағдайларда және фосфор-азот қоректендірудің тең деңгейінде топырақ өңдеу технологияларының күздік бидайдың өсуі, дамуы және өнімділігіне салыстырмалы әсерін бағалау.
🌿 Ғылыми маңыздылығы:
Топырақ өңдеу тәсілдері ылғалдың сақталуына, өсімдіктің түптенуіне, масақ қалыптасуына және жалпы өнім құрылымына тікелей әсер етеді. Жүргізіліп жатқан зерттеулер аймақ жағдайына тиімді, ресурс үнемдейтін және жоғары өнім қалыптастыратын технологияны анықтауға бағытталған.
Бөлімнің ғылыми жұмыстары нәтижесінде өндірістік жағдайда қолдануға болатын нақты ұсыныстар әзірленіп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тиімді агротехнологиялар ұсынылатын болады.