«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің ғылыми қызметкерлері күнтізбелік жоспарға сәйкес Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы «Узбекова» және «Умрали-Ата» шаруа қожалықтарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Зерттеу жұмыстарына ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Абдуллаев Қ.Ш., бөлім меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Саниязова А.Ж. және ғылыми қызметкер Жақыпбек А.М. қатысты.
Зерттеудің негізгі мақсаты – ірі қара мал сүтінің сапалық көрсеткіштерін бағалау, оның құрамындағы май мен ақуыз мөлшерін, сондай-ақ соматикалық жасушалар деңгейін анықтау арқылы малдың сүт өнімділігі мен желін саулығына қатысты маңызды көрсеткіштерді зерделеу.
Аталған ғылыми-зерттеу жұмыстары сүт сапасын бақылауға, мал шаруашылығындағы өндірістік көрсеткіштерді бағалауға және ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеуге бағытталған.
Институт ғалымдары мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулерді өндірістік тәжірибемен ұштастыра отырып, ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.


