
Маңғыстау облысында қызметтік борышын өтеу барысында қаза болған әскери қызметшілерге байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма Төрағасы Султанханов Сакен Асилханұлы және институт ұжымы қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.
Қаза болған азаматтардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, орны толмас ауыр қазаны бастарынан өткеріп отырған барша жанға сабыр, күш-қуат және төзім тілейміз.
Ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында қаза болған азаматтардың есімі мен жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталсын.

