Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ЖШС-де Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараға институттың Басқарма төрағасы Сакен Асилханұлы және «ENBEK-2023» жұмыскерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрманбек Жарқынбек Айдарбекұлы қатысты.
Кәсіби мерекеге орай ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосып, адал еңбегімен ерекшеленген бірқатар қызметкерлер марапатталды:
– Сеиткаримов Амир
– Акпарова Гулмира Мухтарқызы
– Тилесова С.А.
– Саниязова А.Ж.
– Алдиярова А.К.
– Еркуатов Р.Н.
– Билисбеков Н.М.
– Алтаев Е.Т.
– Мырзакулов А.С.
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, кәсіби біліктіліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз ауыл шаруашылығы саласының дамуына зор үлес қосып келеді.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!
Кәсіби мереке құтты болсын!


