«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

06.03.2026 ж. Институт басшысы Султанханов Сакен Асилханұлы ұжымдағы әйел қызметкерлерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Мерекелік құттықтау барысында ол әйелдердің қоғамдағы, отбасындағы және еңбек ұжымындағы ерекше рөлін атап өтіп, институттың дамуына қосып жүрген еңбектері үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ нәзік жандыларға зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс пен бақ-береке тіледі.
Іс-шара соңында ұжымдағы әйелдер қауымына ізгі тілектер айтылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.