«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

«Көкөніс шаруашылығы орталығы» консорциумы

06.04.2026 ж. «ОБМӨШҒЗИ» ЖШС базасында «ҰАҒББО» КЕАҚ төрағалығымен «Красноводопадская АШТС» ЖШС негізінде «Көкөніс шаруашылығы орталығы» консорциумын құру мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңес барысында еншілес ұйымдар басшыларының баяндамалары тыңдалып, Қазақстанның оңтүстік өңірінде көкөніс шаруашылығын дамыту бағыттары талқыланды және бірлескен жұмыстың негізгі басымдықтары айқындалды.
Жоба аясында ғылыми сүйемелдеуді, заманауи агротехнологияларды енгізуді, тұқым шаруашылығын, өнімді қайта өңдеуді және фермерлерді «бір терезе» қағидаты бойынша қолдауды қамтитын кешенді жүйе қалыптастыру жоспарлануда. Консорциум қатысушыларына орталықтың тұжырымдамасын әзірлеу, басым дақылдарды анықтау, оларды өсірудің технологиялық карталарын дайындау және ресурстарды тиімді пайдалану мен қайта өңдеу бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды.
Аталған бастамаларды іске асыру саланың тиімділігін арттыруға, өндірісте инновацияларды енгізуге және еліміздің оңтүстік өңірінде көкөніс шаруашылығын тұрақты дамытуға мүмкіндік береді.