«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

Студенттер мен ғалымдар диалогы

06.04.2026 ж. «ОБМӨШҒЗИ» ЖШС-де студенттер мен ғалымдардың кездесуі өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың ғылымға қызығушылығын арттыру және білім мен тәжірибе арасындағы байланысты нығайту.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ғалым Абдуллаев Қонысбай Шайымұлы студенттер алдында сөз сөйлеп, өзінің ғылыми және тәжірибелік қызметімен бөлісті. Ол мал шаруашылығы саласындағы заманауи зерттеулер, саланың даму перспективалары және ғылымның аграрлық сектордағы маңызы туралы баяндады.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, саладағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, ғылыми әзірлемелерді өндірісте енгізу және жас мамандардың ауыл шаруашылығын дамытудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Осындай кездесулер студенттердің кәсіби ойлау қабілетін қалыптастырып, ғылыми ізденіске ынталандырады және болашақта өзара ынтымақтастыққа жол ашады.