07.04.2026 ж. Күздік дәнді дақылдардың арамшөптеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 
Күздік дәнді дақылдардың өнімділігін арттыруда арамшөптермен күрес маңызды агротехникалық шаралардың бірі болып табылады. Арамшөптер мәдени дақылдармен ылғал, қоректік заттар және жарық үшін бәсекелесіп, өнім сапасы мен көлеміне кері әсерін тигізеді. Осыған байланысты заманауи гербицидтерді тиімді әрі уақтылы қолдану жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Аталған бағыттағы химиялық өңдеу жұмыстары ОБМӨШҒЗИ ЖШС-нің Тассай тәжірибе алаңында және өндірістік егістерде жүргізілді. Зерттеу барысында күздік дақылдардың егістігінде кездесетін арамшөптерге қарсы тиімді препараттар қолданылып, олардың биологиялық және шаруашылық тиімділігі бағаланды.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде арамшөптердің таралуы төмендетіліп, дақылдардың қалыпты өсіп-дамуына қолайлы жағдай жасалды. Бұл өз кезегінде болашақ өнімділікті арттыруға және сапалы өнім алуға негіз болады.


