9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ЖШС-нің бөлім меңгерушілері Сартаев А.Е. мен Саниязова А.Ж. институт ұжымы атынан Шымкент қаласындағы Абай саябағында орналасқан Ұлы Жеңіс құрметіне орнатылған «Мәңгілік алау» ескерткішіне барып, сұрапыл соғыс жылдарында Отан үшін жанын қиған ардагерлердің рухына тағзым етті.
Іс-шара барысында майдангер батырларды еске алып, олардың ерлігі мен ел үшін жасаған жанқиярлық еңбегіне құрмет ретінде ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
Бұл тағылымды шара – Ұлы Жеңістің тарихи маңызын ұлықтап, жас ұрпаққа отансүйгіштік рух пен елге деген құрметті насихаттаудың жарқын көрінісі болды.


