«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

7 мамыр Отан Қорғаушылар күніне орай мерекелік іс-шара

«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай ерекше мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік жиында институттың нәзік жандылары ұжымдағы ер азаматтарды қос мерекемен шын жүректен құттықтап, оларға ізгі тілектерін арнады. Ер-азаматтарға сый-сияпат көрсетіліп, еңбектеріне құрмет білдірілді.
Шара барысында Отан қорғаушылардың ел тыныштығы мен халық амандығы жолындағы еңбегі, сондай-ақ Ұлы Жеңістің тарихи маңызы ерекше атап өтілді. Ұжым арасында достық пен сыйластықты нығайтқан мерекелік кездесу көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Институт ұжымы барша ер азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, мықты денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс пен ел игілігі жолындағы қызметтеріне сәттілік тіледі.