09.04.2026 ж. Түйе сүті – жоғары тағамдық және биологиялық құндылыққа ие ерекше өнім. Соңғы жылдары оның құрамын ғылыми тұрғыдан зерттеуге деген қызығушылық артып келеді.
Осы бағытта ОБМӨШҒЗИ ЖШС ғалымдары а.ш.ғ.к. Ермаханов М.Н., а.ш.ғ.к. Саниязова А.Ж. және а.ш.ғ.к. Калгимбаева М.А. түйе сүтінің физика-химиялық қасиеттерін анықтау бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу барысында сүттің негізгі көрсеткіштері – майлылығы, ақуыз мөлшері, тығыздығы, қышқылдығы және басқа да сапалық параметрлері жан-жақты талданып, оларға ғылыми баға берілді.
Ғылыми жұмыстар тәжірибелік база ретінде «Сыздықбеков А.» ш/қ және «Мұхтархан» ш/қ шаруашылықтарында жүргізілді. Бұл шаруашылықтардағы түйелерден алынған сүт үлгілері зертханалық талдаудан өткізіліп, нақты өндірістік жағдайдағы көрсеткіштер анықталды.
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде түйе сүтінің жоғары сапалық көрсеткіштері дәлелденіп, оның функционалдық тағам ретінде маңыздылығы тағы бір мәрте айқындалды. Бұл өз кезегінде отандық түйе шаруашылығын дамытуға және экологиялық таза өнім өндіруді арттыруға негіз болады.
Әлеуметтік желіге сілтеме: (1) Facebook




