«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

«Жасанды интеллект дәуіріндегі фармацевтикалық технология: білім, өндіріс және сұраныс» тақырыбындағы дөңгелек үстел

07.04.2026 ж. «Жасанды интеллект дәуіріндегі фармацевтикалық технология: білім, өндіріс және сұраныс» тақырыбындағы дөңгелек үстел
«ОБМӨШҒЗИ» ЖШС-нің қызметкері Даулетова Ляззат Төлтебайқызы «Жасанды интеллект дәуіріндегі фармацевтикалық технология: білім, өндіріс және сұраныс» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шара барысында фармацевтикалық технологиялардың заманауи даму бағыттары, жасанды интеллекттің білім беру мен өндірістегі рөлі, сондай-ақ білікті мамандарға деген сұраныс мәселелері талқыланды.
Аталған дөңгелек үстел ғылым, білім және өндіріс өкілдері арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаң болды.
Іс-шара М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында өткізілді.