«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

Ғылым ардагерлері ортасында: ұрпақтар сабақтастығы

10.04.2026 ж.
«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де «Ғылым ардагерлері ортасында: ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараға институттың тәжірибелі ғалымдары, ғылым ардагерлері және жас мамандар қатысты. Кездесу барысында ғылымның дамуы, білім мен тәжірибенің сабақтастығы, сондай-ақ аграрлық саланы дамытудағы жас буынның рөлі талқыланды.
Ғылым ардагерлері өздерінің көпжылдық тәжірибесімен бөлісіп, ғылыми мектептердің қалыптасу жолдары туралы айтып, жас зерттеушілерге құнды кеңестер берді. Сонымен қатар, заманауи технологияларды енгізу, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жас ғалымдар өз кезегінде жаңа идеялары мен бастамаларын ұсынып, аға буын тарапынан көрсетілетін қолдау мен тәлімгерліктің маңыздылығын атап өтті.
Осындай іс-шаралар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, ғылыми мұраны сақтауға және отандық ғылымның тұрақты дамуына негіз қалайды.