01.04.2026ж.
Көктемгі дала жұмыстары
Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Шымкент қаласындағы «Тассай» тәжірибе алқабында жоңышқа дақылын егу алдындағы топырақты өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу бағдарламасы аясында топырақты өңдеудің үш түрлі технологиясы қарастырылуда: дәстүрлі өңдеу, топырақты жеңіл (минималды) өңдеу және топырақты өңдемей тұқымды тікелей себу (no-till) технологиясы.
Әрбір технология бойынша жүргізілетін тәжірибелерде жоңышқаны таза күйінде себу нұсқаларымен қатар, оны бүркемелі дақылдармен бірге өсіру тәсілдері де зерттелуде. Бүркемелі дақыл ретінде жоңышқа мен мақсары, сондай-ақ жоңышқа мен судан шөбі қоспалары қолданылуда.
Аталған ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты — әртүрлі топырақ өңдеу технологияларының жоңышқа дақылының өсуі мен өнімділігіне әсерін анықтау, сондай-ақ бүркемелі дақылдарды қолданудың агрономиялық тиімділігін салыстырмалы түрде бағалау болып табылады.


