22.03.2026 ж. «Наурыз – береке бастауы»
Институтта көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. «Наурыз – береке бастауы» атты мерекелік шара барысында ұжым мүшелері ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, халқымыздың бай мәдени мұрасын дәріптеді.
Іс-шара аясында ұлттық тағамдар ұсынылып, наурыз көже дайындалып, дастархан жайылды. Қатысушылар ұлттық киім киіп, салт-дәстүрлерді насихаттай отырып, көтеріңкі көңіл-күйде өнер көрсетті.
Мерекелік жиын ұжым арасындағы бірлік пен ынтымақты нығайтып, әріптестерге ерекше рухани серпіліс сыйлады. Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, татулық пен берекенің символы. Осы игі мереке баршаға құт-береке, молшылық пен табыс әкелсін!
Әлеуметтік желіге сілтеме: (1) Facebook

