«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»


20.03.2026 ж. «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»
Ұлттық спорт күніне орай институт қабырғасында «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты спорттық сайыс ұйымдастырылып, оған мекеме қызметкерлері белсене қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және ұжым арасындағы бірлікті нығайту болды.
Сайыс барысында қатысушылар түрлі ұлттық ойындардан өз бақтарын сынап, ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетті. Әрбір кезең қызықты әрі тартысты өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мұндай шаралар ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға, ұрпақ сабақтастығын сақтауға және ұжымдық рухты арттыруға үлкен үлес қосады.