«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

«Қоршаған ортаны қорғау – келер ұрпаққа аманат» атты экологиялық акция

20.03.2026 ж. «Қоршаған ортаны қорғау – келер ұрпаққа аманат» атты экологиялық акция
Институт аумағында «Қоршаған ортаны қорғау – келер ұрпаққа аманат» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қызметкерлер қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығы мен өзектілігін насихаттап, табиғатты аялауға өз үлестерін қосты.
Акция аясында ғимарат аумағын тазалау жұмыстары жүргізіліп, айналаны көркейтуге бағытталған бірқатар шаралар атқарылды. Бұл бастама ұжымның табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізді. 🌿