📍 Өткізу орны: «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
🍇 Дөңгелек үстел
«Жүзім өнімділігі мен сапасын қалыптастырудағы маусымдық қоректендірудің рөлі»
«Қазақстанның оңтүстігі климаттық жағдайларына бейімдеу мақсатында отандық және шетелдік селекциядағы жүзімнің перспективалы сорттарының коллекциясын құру» іс-шарасы аясында «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС базасында жүзім шаруашылығындағы маусымдық қоректендірудің маңызына арналған дөңгелек үстел өтті.
🎙 Спикер: Даулетова Ляззат Төлтебайқызы, Егіншілік және өсімдік шаруашылығы бөлімінің маманы.
Дөңгелек үстел барысында жүзімнің өсуі мен дамуына, өнімділігі мен жеміс сапасының қалыптасуына маусымдық қоректендірудің әсері, сондай-ақ оңтүстік өңірдің топырақ-климаттық жағдайларын ескере отырып тыңайтқыштарды тиімді қолдану мәселелері талқыланды.
👥 Іс-шараға Түлкібас ауданындағы «Тұлпар», «Феридин» шаруа қожалықтарының өкілдері, Ордабасы ауданындағы «Нұрғали» шаруа қожалығының өкілдері және Бадам ауылдық округінің шаруашылық иелері қатысты. Қатысушылар жүзім өсірудегі заманауи агротехнологиялар жөнінде пікір алмасып, перспективалы сорттарды өсірудің тиімді тәсілдері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Осындай ғылыми-тәжірибелік кездесулер ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, заманауи агротехнологияларды өндіріске енгізуге және еліміздегі жүзім шаруашылығын дамытуға өз үлесін қосады.



