19.03.2026 ж.
Жаңару — жаңа бастамаларға жол! 
19 наурыз – «Жаңару күні» аясында институтта экологиялық акция өтті. Іс-шара барысында ғимараттың ауласында сәнді гүл көшеттері отырғызылып, кеңістіктің көркін арттырды. Қызметкерлер белсенді қатысып, табиғатты қорғау мен жасыл желекті сақтау ісіне өз үлестерін қосты.
Бірге бастайық, бірге жаңарып! 


