«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма Төрағасының жұмыс сапары
2026 жылғы 5 маусымда Шымкент қаласындағы «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-не «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма Төрағасы Бауыржан Асанов жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында Басқарма Төрағасы институт ұжымымен кездесіп, мекеменің ағымдағы қызметі, ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары және өндірістік-шаруашылық қызметінің жай-күйімен танысты. Кездесу аясында институттың бүгінгі жетістіктері мен алдағы даму жоспарлары талқыланып, ұжым қызметкерлерін толғандыратын өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобалардың нәтижелері мен олардың өндіріске енгізілу барысы таныстырылды. Ғылыми әзірлемелердің практикалық маңыздылығы, оларды коммерцияландыру мүмкіндіктері, сондай-ақ саланы дамытудағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылды.
Ашық әрі сындарлы диалог барысында кәсіпорынның даму перспективалары, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру, ғылыми ұйымдар мен өндіріс арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ аграрлық ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері кеңінен сөз болды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғылыми әлеуетті одан әрі дамытуға, инновациялық жобаларды қолдауға және агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуына бағытталған бірлескен жұмыстарды жалғастыруға уағдаласты.



