«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің «Мал шаруашылығы» бөлімінің ғылыми-зерттеу тақырыптық жоспарына сәйкес, жергілікті Әулиеата тұқымының генетикалық әлеуетін сақтау, асыл тұқымды мал басының гендік қорын толықтыру және ұлғайту мақсатында өндіруші бұқалар арасынан жаңа регенерация бұқалары іріктелді.
Генетикалық материал банкін қалыптастыру мақсатында іріктелген бұқалардың тірі салмағы мен негізгі дене өлшемдері анықталып, ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар толық көлемде жүргізілді. Сонымен қатар, олардың денсаулық жағдайын бақылау және биологиялық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету мақсатында 21 күндік карантинге орналастырылды.
Қазіргі таңда аталған бұқалар «Асыл түлік» асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша республикалық орталығына жіберуге дайындалу үстінде.



