02.03.2026 ж. Алғыс айту күніне орай Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ЖШС ұжымы ерекше мазмұнды іс-шара өткізді.
Мерекелік жиын ұжымның аға буын өкілдерінің ақ батасы мен ізгі тілектерімен бастау алды. Институттың ардагерлері мен тәжірибелі мамандары жас буынға жүрекжарды лебіздерін білдіріп, еңбекте табыс, ғылым жолында ізденіс пен бірлік тіледі.
Шара барысында қызметкерлер бір-біріне алғыс айтып, әріптестік қолдау мен өзара сыйластықтың маңыздылығын атап өтті. Ұжым мүшелері институттың дамуына үлес қосып жүрген әр қызметкердің еңбегін жоғары бағалап, ризашылықтарын білдірді.
Алғыс айту күні – татулық пен ынтымақты нығайтатын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін ерекше мереке. Осындай игі бастамалар ұжым бірлігін арттырып, ортақ мақсаттарға жетуге серпін береді.
Әлеуметтік желілерге сілтеме: Facebook

