«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы президиумының Қызылорда облысындағы «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбындағы көшпелі отырысы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы президиумының Қызылорда облысындағы «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбындағы көшпелі отырысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
2026 жылғы 5 мамыр күні «Өңірлік дамудың басым бағыттары» атты сессия өткізілді. Аталған сессияға облыс әкімінің орынбасары А.Т. Зебешев модераторлық жасап, 12 спикер өз баяндамаларын ұсынып, қатысушылар арасында мазмұнды пікірталас өрбіді.
Іс-шара аясында қатысушылар Академия қызметімен, өңірлік ғылыми орталықтардың жұмысымен танысты. Сонымен қатар, күріш өңдеу және ас тұзын өндіру зауыттарының, шыны зауытының, жаңа жылу электр орталығының, «Kaysar Arena» стадионының, сондай-ақ музейдің қызметімен танысу шаралары ұйымдастырылды.
2026 жылғы 6 мамыр күні ғылыми-инновациялық көрме ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы президиумының пленарлық отырысы өтті. Пленарлық отырысты Академия президенті А.Қ. Күрішбаев жүргізді.
Ал 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған мерекелік салтанатты іс-шараларға қатысу қамтамасыз етілді.
Аталған іс-шараға «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС атынан Ғылым жөніндегі басқарушы директор М.Ж. Аширбеков, Мал азықтық дақылдар бөлімінің меңгерушісі А.Е. Сартаев, Егіншілік және өсімдік шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Р.Н. Ерқуатов, сондай-ақ Н. Вавилов атындағы Шалқар өңірлік филиалының директоры А. Еспанов қатысты.
Институт өкілдері ғылыми-инновациялық көрме барысында арнайы алаңшада өз әзірлемелері мен ғылыми жетістіктерін кеңінен таныстырып, ғылыми әлеуетін жоғары деңгейде көрсетті. Жалпы, іс-шара жұмысына белсенді қатысып, өңірлік ғылымның дамуына өз үлестерін қосты.