1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де мерекелік жиын ұйымдастырылып, ұжымға арналған дастархан жайылды.
Іс-шара барысында институт басшысы Султанханов Сакен Асилханұлы қызметкерлерді мерекемен құттықтап, барша ұжымға мықты денсаулық, ынтымақ пен бірлік, алдағы жұмыстарға толағай табыс тіледі.
Сонымен қатар, институттың аға буын өкілдері де өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ұжымның бірлігі мен берекесі арта берсін деген ізгі тілектерін жеткізді.
Бірлік пен татулық – біздің басты құндылығымыз!



