«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

Күздік бидай, мақсары және жоңышқа егістіктерінің көктемгі мониторингі

«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС базасында орналасқан Тассай тәжірибелік алқабында ауыл шаруашылығы дақылдарының көктемгі мониторингі жүргізілді.
Іс-шара барысында Ғылым жөніндегі басқарушы директор Аширбеков М.Ж. және бас ғылыми қызметкер Сыдык Д.А. күздік бидай, мақсары және жоңышқа егістіктерінің жағдайына баға берді.
Мониторинг аясында:
өсімдіктердің қыстан кейінгі жағдайы;
қыстан шығу деңгейі мен сақталуы;
даму фазалары;
стресс факторлары мен агротехникалық шараларға қажеттілік қарастырылды.
Алдын ала нәтижелер бойынша, егістіктердің жағдайы қанағаттанарлық, өсімдіктердің көктеуі мен дамуы жақсы деңгейде екені байқалады. Мамандар тарапынан алдағы уақытта тыңайтқыш енгізу, қорғау шараларын жүргізу және агротехнологияларды жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.
📍 Мұндай мониторинг жұмыстары егістік алқаптарының жағдайын дер кезінде бағалап, өнімділікті арттыруға бағытталған тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.