«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

«Жүзімнің алғашқы бүршік атуы»

16.04.2026 ж. ТОО «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының» «Тассай» тәжірибелік алқабында жүзімнің алғашқы бүршік атуы тіркелді. Бұл кезең – оңтүстік Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайына жүзімнің отандық және шет елдік сұрыптарын бейімдеу және оны өсіру технологияларын жетілдіру бағытындағы ғылыми зерттеулердің маңызды сатысы болып табылады.
Зерттеу жұмыстары жүзім шаруашылығы бойынша маман Даулетова Ляззат Төлтебайқызының жетекшілігімен жүргізілуде. Ғылыми жұмыстар аясында жүзімнің сұрыптарын өсіру алаңында өсімдіктердің жерсіну деңгейі, өсу қарқыны, құрғақшылыққа төзімділігі, түрлі аурулар мен зиянкестерге төзімділігі, сонымен қатар болашақ өнімділік көрсеткіштері жан-жақты зерттелуде. Жүзім сұрыптарының ерте бүршік атуының бір себебі генетикалық ерекшеліктеріне және биылғы жылдың ақпан және наурыз айларының қолайлы болуына байланысты анықталды.
Алдағы кезеңде жүзім өсімдіктеріне кешенді фенологиялық бақылаулар жүргізіліп, олардың даму динамикасы, өнімділігі және өңір жағдайына бейімделу деңгейі анықталатын болады.
Зерттеу нәтижелері өңірде жүзім шаруашылығын дамытуға, өнімділікті арттыруға және заманауи агротехнологияларды өндіріске енгізуге негіз болады.