21.03.2026 ж. «Табиғатты қорғау – ағаш отырғызудан басталады» акциясы
Институт аумағында «Табиғатты қорғау – ағаш отырғызудан басталады» атты ағаш отырғызу акциясы өткізілді. Іс-шараға институт қызметкерлері белсене қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.
Акция барысында аулаға жас көшеттер отырғызылып, табиғатты аялау мен жасыл желекті көбейтудің маңыздылығы насихатталды. Бұл игі бастама экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және келер ұрпаққа таза әрі көрікті орта қалдыруға бағытталған.


