21.03.2026 ж. «Ынтымағы жарасқан ел» мәдени кездесуі
Институтта «Ынтымағы жарасқан ел» атты мәдени кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ұжым бірлігі мен татулығының маңыздылығы кеңінен сөз болып, ортақ мақсат жолындағы ынтымақтың рөлі ерекше атап өтілді.
Бүгінде институттың негізгі қызметі мен жетістіктері дәл осы бірлік пен өзара түсіністіктің арқасында жүзеге асып келеді. Ұжымдағы ауызбіршілік пен қолдау – табысты жұмыстың берік негізі.
Мұндай кездесулер қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, ортақ құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосады.


