«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

Жемқорлыққа қарсы заң бұзушылықтардың алдын алу және олар туралы хабарлау тәртібін түсіндіру бойынша жедел желісін қолдану мәселелері

Институт қабырғасында жемқорлыққа қарсы заң бұзушылықтардың алдын алу және олар туралы хабарлау тәртібін түсіндіру мақсатында ҰАҒББО КЕАҚ жедел желісін қолдану мәселелеріне арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған жиынды институттың комплаенс-офицері Абдазимов Нұрлан Жаппарқұлұлы жүргізіп, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалық талаптар, мекеме ішіндегі адалдық қағидаттарын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында кеңінен ақпарат берді.
Кездесу барысында қатысушыларға ҰАҒББО КЕАҚ жедел желісінің мақсаты мен қызметі, оны қолдану тәртібі, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда хабарлау механизмдері түсіндірілді. Сонымен қатар, жедел желі арқылы келіп түскен ақпараттың құпиялылығы сақталатыны және әрбір өтініштің белгіленген тәртіппен қаралатыны атап өтілді.
Жиын барысында қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Осындай түсіндіру жұмыстары ұжым арасында ашықтық, адалдық және заң талаптарын сақтау мәдениетін нығайтуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.