«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

Ғылымға алғашқы қадам — біздің зертханада!

Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ЖШС-нің «Мал шаруашылығы» бөліміне қарасты зертханасында Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Биология кафедрасының 6В05101 – Биология білім беру бағдарламасы, 5101-24 тобының білім алушылары ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдаманы ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты А.Ж. Саниязова жүргізді. Практикалық сабақтар барысында студенттер сиыр сүтінің негізгі сапалық көрсеткіштерін анықтау әдістерімен танысып, майлылығы, құрғақ зат мөлшері, ақуыз құрамы, су тығыздық және де соматикалық жасушалар сияқты маңызды көрсеткіштерді талдау жолдарын меңгерді. Сонымен қатар заманауи зертханалық құрал-жабдықтардың жұмыс істеу принциптері түсіндіріліп, өлшеу жүргізу, сынама алу, нәтижелерді өңдеу және талдау дағдылары қалыптастырылды.
Тағылымдама білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға, зертханалық зерттеу мәдениетін қалыптастыруға және болашақ кәсіби қызметіне қажетті құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік берді.