«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

Қуаңшылыққа төзімді мал азықтық өсімдіктерді фенологиялық бақылау жұмыстары

Қуаңшылыққа төзімді мал азықтық өсімдіктерді фенологиялық бақылау жұмыстары
Түркістан облысы, Арыс қаласы «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-не қарасты «Бақтыөлең» тәжірибе жайында қуаңшылыққа төзімді мал азықтық өсімдіктерге фенологиялық бақылау жұмыстары жүргізілді.
Аталған ғылыми-зерттеу іс-шарасы институттың «Қуаңшылыққа төзімді мал азықтық дақылдар» бөлімінің меңгерушісі Сартаев А.Е., ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, бас ғылыми қызметкер Сеиткаримов А. және кіші ғылыми қызметкер Мырзакулов А.-ның тікелей қатысуымен өтті.
Зерттеу барысында сексеуіл, жүзгін, жусан, кейреуік секілді шөл және шөлейт аймақтарға бейімделген өсімдіктердің өсіп-даму ерекшеліктеріне баға берілді. Сонымен қатар топырақ ылғалдылығы анықталып, химиялық талдау жүргізу мақсатында өсімдік пен топырақ сынамалары алынды.
Жүргізілген жұмыстар қуаңшылық жағдайында мал азықтық өсімдіктердің өнімділігі мен бейімделу қабілетін ғылыми тұрғыдан бағалауға, сондай-ақ өңірдің жайылымдық жерлерін тиімді пайдалану бағытындағы зерттеулерді жетілдіруге мүмкіндік береді.