«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы

25.04.2026 ж. “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” ЖШС-де кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында институт қызметкерлері ұйымшылдық танытып, ғимарат аумағын қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарына белсенді түрде қатысты. Атап айтқанда, гүлзарлар ретке келтіріліп, гүлдердің түбі қопсытылды, көгалдағы шөптер орылып, ағаштардың түптері әктелді.
Сонымен қатар, аумақтың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында артық бұтақтар кесіліп, жол жиектері тазартылып, жасыл желектерге күтім жасалды. Бұл жұмыстар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға үлкен үлес қосты.
Аталған сенбілік – ұжымның бірлігі мен ортақ іске деген жауапкершілігінің айқын көрінісі. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырыла бермек.