«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

Қытай ғалымдары Шымкентте

 «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС 2025 жылғы 22 шілдеде Басқарма төрәйымы Ш. С. Қосқараеваның басшылығымен Шыңжаң Мал шаруашылығы ғылым Академиясының докторы, Қытай Мемлекеттік Түйе Палатасының Төрағасы, профессор Азат Зулпықарұлы бастаған Қытай Халық Республикасының ғылыми қызметкерлерден тұратын делегациясын қабылдады.

Бұл делегация құрамында сонымен қатар бір топ алдыңғы қатарлы аға ғылыми қызметкерлер Лазат Ануарқызы, Амина Абілезқызы, Гүлнұр Мақатқызы, Жияң Шияу Мыи және Шы Пыи Сын болды.

Бұл сапар екі ел арасындағы ғылыми және техникалық ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Аталған кездесуге «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ғылыми қызметкерлері, «Бір өркешті (дромедар) және екі өркешті (бактриан) түйелер тұқымы» республикалық палатаның (М. Ермаханов), а.ш.ғ.д. профессор М.Прманшаев, «Селекция орталығы» ЖШС (Айнабеков Б.Т., Адиханов И.) және «АШМ жер ресурстары оңтүстік өңірлік филиалы» (Е.Айтбаев),өкілдері де қатысты.

Кездесу барысында ғалымдарымыз бен қытайлық әріптестеріміз бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Олардың ішінде мал шаруашылығы, атап айтқанда қой мен түйе шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы мен егіншілік және аграрлық ғылымның басқа да салаларындағы зерттеулердің болашағы мен жетістіктері бар.

Кездесудің нәтижесінде екі тарап бірлескен жобалар және атқарылатын жұмыстар туралы меморандумға қол қойылды.

Жалпы, бұл сапар екі ел арасындағы ғылым және білім саласындағы тығыз ынтымақтастықтың бастауы болып табылады. Біз болашақта ортақ жобалар мен ғылыми зерттеулер бойынша бірлесіп жұмыс істей отырып, жаңа мүмкіндіктер мен әзірлемелер жасауды жоспарлап отырмыз.

Қытай ғалымдарының тәжірибесі мен білімін біздің институттың жұмысымен үйлестіре отырып, біз бірлескен ғылыми ізденістерге үлкен жетістіктерге қол жеткіземіз деп сенеміз.