«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

«ОБМӨШҒЗИ» халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Өзбекстандық әріптестердің шақыруымен «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің басқарма төрайымы Шарбан Сапарқызы Қосқараева сонымен қатар «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы» бөлімінің бас ғылыми қызметкері, профессор Сыдық Досымбек Алмаханбетұлы «Жаһандық климат өзгеруі жағдайында тәлімі алқаптарын өсіру агротехнологиясы селекциялық мәселелері және оны шешудің инновациялық жолдары» атты Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясына қатысты.

Түркия, Тәжікстан, Непал, Пәкістанның жетекші ғалымдары мен мамандарының, сондай-ақ ФАО ұлттық сарапшысы мен шетелдік компаниялар өкілдерінің қатысуымен өткен конференцияда селекция, тұқым шаруашылығы және жаңбырлы жағдайда ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің агротехнологияларын дамытудың өзекті және маңызды проблемалық мәселелері кеңінен талқыланды.

Ш. Қосқараева конференцияға қатысушыларды «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ғалымдарының өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы саласындағы негізгі ғылыми жетістіктерімен таныстырды. Профессор Д.Сыдық конференцияға қатысушыларды Қазақстанның оңтүстігіндегі тәлімі алқаптар жағдайында ауыспалы егіс байланысында күздік бидайды өсірудің ресурс үнемдейтін технологиясының нәтижелерімен таныстырды.

Бұл шарада Ш. Қосқараева Өзбекстанның тәлімі егіншілік ғылыми-зерттеу институтымен (Галляарал қ.) және Оңтүстік өңірінің Өзбекстан егіншілік ғылыми-зерттеу институтымен (Қарши қ.) ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Осылайша, мүдделі халықаралық ғылыми орталықтарды тарта отырып, «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттыруға және еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін бірлескен ғылыми жобаларды дайындап, жүзеге асыруды көздеп отыр.

«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бұл ынтымақтастық тек аграрлық ғылым саласындағы ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың игілігі үшін өзара тиімді серіктестікті дамытуға жаңа серпін береді деп үміттенеді. Мүдделі тараптардың аграрлық ғылымының дамуына сәттілік!!! (21.05.2025 ж.).