Алғаш рет Шымкент қаласында 2025 жылғы 7 ақпанда В2В&G2B форматында француз жетекші компанияларымен кездесу өтті. Олардың бірі генетика және жануарлар селекциясы бойынша Transfair компаниясы болды. Бұл кездесуге «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-нің Бас ғылыми хатшы, а.ш.ғ.к Ш.Жұмабаев және Мал шаруашылығы бөлімінің Аға ғылыми қызметкері, а.ш.ғ.к А. Саниязова қатысты. Дөңгелек үстел барысында мал шаруашылығы саласындағы бірлескен жобалар туралы мәселелер талқыланды. Соның аясында Институт ғалымдары белсенді жұмыс атқаруды көздеп отыр.


previous post
next post

