«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

«Бақтыөлең» тәжірибе алаңында қуаңшылыққа төзімді мал азықтық өсімдіктердің тұқымдары жиналуда

Агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша 2024–2026 жылдарға арналған 267 «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасының 101 «Ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру» кіші бағдарламасы және 154 «Ғылыми-зерттеу қызметтеріне ақы төлеу» ерекшелігі шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Қуаңшылыққа төзімді мал азықтық дақылдар бөлімінің қызметкерлері – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы А. Сеиткаримов, бөлім меңгерушісі А.Е. Сартаев және лаборант Қ. Есман «Қазақстанның әртүрлі агроклиматтық аймақтарына арналған мал азықтық дақылдардың бәсекеге қабілетті сорттары мен будандарын жасау және олардың сорттық технологияларын әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасының іс-шараларын іске асыруда.
Бағдарлама аясында Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылының аумағында орналасқан «Бақтыөлең» тәжірибе алаңында өткен және ағымдағы жылдары егілген тәжірибелік учаскелердегі изен, теріскен, кейреуік, шоған, сексеуіл және басқа да мал азықтық өсімдіктердің тұқымдарын жинау жұмыстары жүргізілуде.
Жиналған тұқымдар алдағы уақытта олардың сапалық көрсеткіштерін бағалау, перспективалы үлгілерді іріктеу және Қазақстанның әртүрлі агроклиматтық жағдайларына бейімделген, қуаңшылыққа төзімді мал азықтық дақылдардың жаңа сорттарын әзірлеу бағытындағы ғылыми зерттеулерде пайдаланылатын болады.