10 қазан – Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күні кәсіби мерекесі қарсаңында «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де кәсіподақ комитетінің бастамасымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.Іс-шараға Республикалық «El Qurmety» қоғамдық қорының директоры Ж. Шынарбек қатысып, институттың бірқатар қызметкерлеріне еңбектегі жетістіктері мен кәсіби қызметіне көрсетілген құрметтің белгісі ретінде марапаттар табыстады.
Атап айтқанда:
Бұл марапаттар – қызметкерлердің адал еңбегіне, жауапкершілігіне және мекеме дамуына қосқан үлесіне көрсетілген лайықты құрмет. Кәсіподақ ұйымының басты мақсаты – еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, әлеуметтік қолдау көрсету және ұжымдағы ынтымақтастықты нығайту.
Мереке қарсаңында марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!
Еңбек адамына құрмет – елге құрмет!

