«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

Қуаңшылыққа төзімді мал азықтық өсімдіктерге фенологиялық бақылау жұмыстары

Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ЖШС-нің «Қуаңшылыққа төзімді мал азықтық дақылдары» бөлімінің ғылыми қызметкерлері ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы А. Сеиткаримовтың қатысуымен Ғылыми-зерттеу жұмыстарының күнтізбелік жоспарына сәйкес Түркістан облысындағы Бақтыөлең тәжірибе алаңында фенологиялық бақылау жұмыстарын жүргізді.
🔬 Зерттеу барысында қуаңшылыққа төзімді мал азықтық дақылдар мен табиғи өсімдік түрлерінің өсуі мен дамуының негізгі кезеңдері, жергілікті қуаңшылық жағдайына бейімделу ерекшеліктері және жалпы өсімдік күйі бағаланды.
🌿 Атап айтқанда, изен, теріскен, кейреуік, шоған, жүзгін, сексеуіл және басқа да өсімдік түрлеріне фенологиялық бақылау жүргізілді.
📊 Жүргізілген бақылаулар өсімдіктердің қуаң әрі қолайсыз климаттық жағдайларға бейімделу ерекшеліктерін анықтауға, олардың өсіп-жетілу динамикасын бағалауға және мал азықтық мақсатта тиімді пайдалану мүмкіндіктерін айқындауға бағытталған.
Бұл зерттеулер өңірдің табиғи-климаттық жағдайына бейімделген, қуаңшылыққа төзімді мал азықтық өсімдіктерді ғылыми тұрғыдан бағалау және оларды ауыл шаруашылығы өндірісінде тиімді пайдалану үшін маңызды.