2026 жылғы 12 маусымда Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Кершетас елді мекенінде «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС мен «Бес Жал» өндірістік кооперативінің ұйымдастыруымен «Түркістан облысының тәлімі жерлерінде алқа тұқымдастары ауыспалы егіс жүйесінде ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің қор үнемдеу технологиясы» тақырыбында облыстық «Дала күні» семинар-кеңесі өткізілді.
Іс-шараға Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласының мамандары, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің өкілдері, ғалымдар, фермерлер мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты. Семинар барысында қатысушылар тәжірибелік егістік алқаптарын аралап, тәлімі жер жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарын қор үнемдеу технологиясымен өсірудің нәтижелерімен танысты. Сонымен қатар, ауыспалы егіс жүйесін тиімді пайдалану, топырақ құнарлылығын сақтау, өнімділікті арттыру және пестицидтерді ғылыми негізде қолдану мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалды.
Семинар-кеңес аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері таныстырылып, өндірісте енгізуге ұсынылған агротехнологиялық шешімдер талқыланды. Қатысушылар арасында тәжірибе алмасу ұйымдастырылып, өңірдің тәлімі жерлерінде ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Іс-шара қорытындысы бойынша ғылыми жетістіктерді өндіріске кеңінен енгізудің маңыздылығы атап өтіліп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін практикалық ұсынымдар берілді.



