17.03.2026 ж. Институтта «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүрлер күніне» орай дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға институт қызметкерлері қатысып, қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрлерінің маңызы туралы пікір алмасты.
Дөңгелек үстел барысында ұлттық құндылықтарды сақтау, оларды келер ұрпаққа жеткізу және қоғамдағы рухани мәдениетті нығайту мәселелері талқыланды. Қатысушылар ата-бабадан мирас болған дәстүрлерді дәріптеудің маңыздылығын атап өтті.
Осындай тағылымды шаралар ұлттық мәдениетті насихаттауға және ұжым арасындағы рухани құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.
Әлеуметтік желіге сілтеме: (1) Facebook

