«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

16 наурыз – Отбасы күні

Институтта 16 наурыз – Отбасы күніне орай «Бір шаңырақ астында» атты отбасылық құндылықтар күні жарияланып, ғылыми қызметкер Алдиярова Айнұр Қуантайқызының отбасы туралы бейнбаян дайындалды.
Бұл шараның мақсаты – қоғамдағы отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасының адам өміріндегі маңызын көрсету және ғылым саласында еңбек етіп жүрген әйелдердің рөлін айқындау.
Отбасы – әр адамның тірегі, қолдауы мен шабыт көзі. Әсіресе ғылым саласында еңбек ететін әйелдер үшін отбасының қолдауы кәсіби дамуға, жаңа жетістіктерге жетуге үлкен ықпал етеді.
Айнұр Қуантайқызының өмір жолы ғылым мен отбасы үйлесімді қатар дамитынын, ал жақындарының қолдауы адамның кәсіби жетістіктеріне оң әсер ететінін айқын көрсетеді.
Отбасы – береке мен бірліктің, мейірім мен түсіністіктің негізі. Осындай құндылықтар қоғамның тұрақты дамуына және болашақ ұрпақтың тәрбиесіне берік негіз қалайды.

Әлеуметтік желіге сілтеме: (1) Facebook

#agrobilimonline #nasec #наноц