«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

15 наурыз – Қайырымдылық күні

16.03.2026 ж. 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай институт ұжымы «Жақсылық жаса – әлемді өзгерт» атты игі істер күнін өткізді.
Аталған шараның мақсаты – қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу, қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру және бір-біріне қолдау көрсету дәстүрін насихаттау.
Шара барысында ұжым мүшелері игі бастамаларға қолдау білдіріп, жақсылық жасау – әр адамның қолынан келетін ізгі іс екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Қайырымдылық – қоғамды біріктіретін, адамдарды жақсылыққа жетелейтін маңызды құндылықтардың бірі.