13.03.2026 ж. Көрісу күні – Амал мерекесіне орай институт ұжымы ұлттық дәстүрді дәріптеп, бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасты. Ұжым қызметкерлері бір-біріне ізгі тілектерін білдіріп, жылы лебіздерін арнады. Бұл күн адамдар арасындағы сыйластықты, бірлікті және татулықты нығайтатын ерекше мереке екені атап өтілді.
Амал мерекесі – көрісіп, өткенге шүкіршілік айтып, жаңа жылды жақсы ниетпен қарсы алудың белгісі. Осындай игі дәстүрлер ұжым арасындағы ынтымақты арттырып, ортақ мақсаттарға жетуге жігер береді.


