Корея Республикасының Ауылдық аймақтарды дамыту әкімшілігінің (Rural Development Administration, RDA) Аграрлық экспорт технологиялары департаментінің аға ғылыми қызметкері Ко Хен Сок және ғылыми қызметкер Уй Хаен бастаған делегацияның, сондай-ақ «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС басшысы С.А.Сұлтанханов пен ғалымдарының қатысуымен ірі қара мал шаруашылығы саласында асылдандыру жұмыстарын жетілдіру мақсатында эмбрион тасымалдау технологияларын және малдың жалпы жай-күйін бақылауға арналған инновациялық чиптерді қолдану мүмкіндіктерін өндірістік практикаға енгізу мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
Аталған кездесу «Бөрте Милка» және «Эгамназаров» шаруа қожалықтарының базасында ұйымдастырылды. Кездесу барысында Корея Республикасының мамандары заманауи технологияларды енгізу бойынша бірқатар пайдалы тәжірибелік ұсыныстар мен ғылыми-инновациялық инсайттармен бөлісіп, жоспарланған бірлескен жұмыстардың жақын уақыт аралығында кезең-кезеңімен іске асырылатынын атап өтті.
Ұсынылып отырған жоспарлар Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, әсіресе сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығының өнімділігі мен тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосады деп күтілуде.

