«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында» салтанатты жиын өтті.
Институт директоры Сәкен Асылханұлы Сұлтанханов құттықтау сөзінде ұжым мүшелерін мемлекеттік мерекемен құттықтап, Конституция күнінің еліміздің тәуелсіздігін нығайтудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі, сондай-ақ Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі ерекше маңызын атап өтті.
Жиын барысында Құрмет грамоталарымен марапатталған қызметкерлер: Сеиткаримов А., Абдуллаев К., Сыдык Д., Маханов К., Әліханов К., Әйтен Н., Кошкумбаев Т., Карсакбаева З., Шымырбек С., Сыпабеков Г., Сексенбаев Д., Мендибаев Б.
Директор барша ұжымға зор денсаулық, кәсіби қызметте табыс және ғылым мен аграрлық саланың дамуына үлес қосуда жаңа жетістіктер тіледі.