«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жаңалықтар

«AUYL FEST», «Қой шаруашылығы–2025» атты Бірінші республикалық қой шаруашылығы фестивалі

2025 жылғы 16 тамыз. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Тұңғыш Президент алаңы. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі және «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен «AUYL FEST», «Қой шаруашылығы–2025» атты Бірінші республикалық қой шаруашылығы фестивалі өткізілді.
Іс-шараға Венгрия, Франция, Түркия, Өзбекстан, Қытай Халық Республикасы Иран және Ресей Федерациясының ғалымдары мен мал шаруашылығы палаталарының басшылары және инвесторлар қатысты.
Аталған іс-шараға «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Атырау филиалының директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы М. Дюсегалиев те қатысып, баяндама жасады.
Фестивальдің негізгі мақсаты – ұлттық дәстүрлерді жаңғырту арқылы патриотизмді нығайту; ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын және табыс деңгейін арттыру үшін қой шаруашылығын дамыту; аймақтың агроөнеркәсіптік кешеніне инвестиция тарту; фермерлерді қолдау – халықаралық тәжірибелер мен озық технологияларды енгізу арқылы ауыл туризмін дамыту болып табылады.
Фестиваль аясында қой тұқымдарының көрмесі, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, жәрмеңке және шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Сондай-ақ отандық және шетелдік мамандар тәжірибе алмасып, қой шаруашылығын дамытудағы өзекті мәселелер мен оның болашағы бойынша пікір алмасты.
Бұл шара аграрлық сала мамандарының кәсіби байланыстарын нығайтып қана қоймай, ауылдық жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін берді.