01.08.2025 ж. А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен, «Қазақстанның қуаңшылық жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарын тұрақты өндіру» тақырыбында Дала күнін ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін, жетекші ғылыми ұйымдардың өкілдерін, республикалық және жергілікті атқарушы органдарды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы жеткізушілерін және басқа да мүдделі тараптарды бір арнаға тоғыстырды.
«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС атынан ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Сыдық Досымбек Алмаханбетұлы қатысты.
Іс-шара барысында далалық стационарларда қонақтарға ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологияларын өзгермелі климат жағдайларына бейімдеу бойынша көпжылдық зерттеулердің нәтижелері көрнекі түрде көрсетілді. Сонымен қатар, арнайы көрме қатысушыларға заманауи ауыл шаруашылығы техникасы мен агротехнологиялар саласындағы өзекті шешімдермен танысуға мүмкіндік берді.
Бұл маңызды оқиға баға жетпес тәжірибе алмасуға, органикалық ауыл шаруашылығын қазіргі жағдайда дамыту мәселелері мен болашағын талқылауға ғана емес, сонымен қатар барлық мүдделі тараптарды біріктіретін, іскерлік әріптестік орнататын және жаңа агробизнес-жобалар мен идеялардың негізін қалыптастыратын маңызды алаңға айналды. (фотосуреттер А.И.Бараев институты сайтынан алынды).




