«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

Халықаралық ұйымдар – серіктестер

admin

Шөлейт аймақтардағы халықаралық ауыл шаруашы-лығы зерттеулер орталығы (ИКАРДА) – суару технология-ларын және жайылымдық жерлерді жетілдіру арқылы шөлейт аймақтарды жақсарту мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын, арпаны, жасымықты және атбұршақты жақсарта түсу жөніндегі халықаралық ұйым. ИКАРДА Орта Азия, Солтүстік Африка өңірлерінде (CWANA) қатты бидайды, кабулдық бұршақ пен мал азығына арналған бұршақ дақылдарын және шаруа қожалықтары жүйесін жақсарту жөніндегі жобаларды іске асыруда. Сондай-ақ ИКАРДА жер ресурстарын, өндіріс жүйесін әртараптандыруды, қосымша құн салығы бар мал шаруашылығының және өсімдік шаруашылығының өнімдерін басқару жүйесі бағытында жұмыс істеуде. Сондай-ақ, кедейшілікке қарсы күресу мақсатында әлеуметтік, экономикалық және саяси зерттеулер жүргізу ИКАРДА қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Жүгері мен бидайды жақсарту жөніндегі Халық-аралық орталық (СИММИТ). СИММИТ-тің негізгі қызметі – жүгері, бидай және тритикале дақылдарының өнімділігін арттыру жөнінде зерттеулер жүргізу болып табылады. Орталықта генетикалық қорларды жинау және алмасу жөніндегі халықаралық желі бар. 125 елдің ғалымдары СИММИТ көрсететін қызметтерді пайдаланады. Орталық өзімен ынтымақтасқан елдер үшін ғылыми бағдарламалар әзірлеу, консультациялар жүргізу, жаңа технологиялар енгізу, ғылыми-техникалық ақпарат тарату, халықаралық  конференциялар, мен симпозиумдар және  т.б. өткізу арқылы оларға көмек көрсетеді.

Су қорларын басқару жөніндегі халықаралық орталық (IWMI). IWMI – ауыл шаруашылығында және қоршаған ортада су қорларын пайдалану мәселелерімен шұғылданатын ғылыми-зерттеу ұйымы. IWMI штаб-пәтері Шри-Ланкада орналасқан, 21 елде зерттеу жобалары жүргізіледі. Институттың көптеген зерттеулеріне эконо-мика, агрономия, гидрология, әлеметтану және басқару жөніндегі сарапшылар топтары, медицина саласының ғалымдары қатысады.  IWMI халықаралық ауыл шаруашылығы зерттеулері жөніндегі  – ауыл шаруашылығы және экологиялық ғылыми-зерттеу  орталықтары консультациялық тобының  (CGIAR) мүшесі. Институтты негізінен үкіметтер, жекеменшік қорлар, Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкі сияқты әйгілі өңірлік ұйымдар қаржыландырады.

Ресей ауыл шаруашылығы академиясының Бүкіл-ресейлік мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты. БМИ 80 жыл бойы мал шаруашылығы саласында зерттеулердің негізгі бағыттары бойынша әдістемелік нұсқаулар мен үйлестіруді жүзеге асырып келеді. Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде тұрақтылықты, бәсекеге қабілеттілікті, экологиялық қауіпсіздікті және қуат үнемдеуді қамтамасыз ететін өндірістік жүйелер мен технологиялардың ғылыми негіздері; зерттеулердің молекулярлы-генетикалық және селекциялық әдістері негізінде мал өнімдерінің сапасын жақсарту және өнімділік әлеуетін арттыру жолдары; қоректену теориясы мен тәжірибесі саласындағы жаңа білімдерді есепке ала отырып мал өнімдеріне құнарлы заттардың тиімді ауысуының және генетикалық әлеуетінің барынша көп іске асырылуын қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы малдарының азықтандыру жүйесін жасау; селекциялық процесті жеделдету мақсатында мал түрлерін жасау және пайдалануға бағытталған тектік және жасушалық инженерия әдістерін пайдалана отырып малдарды өсірудің биотехнологиялық жүйелері.

ҚХР Шыңжан мал шаруашылық Ғылым академиясына қарасты Шыңжан ғылыми-зерттеу институты елдегі жаратылыс ғылымдары мен жоғары технологиялар саласындағы басты академиялық мекеме болып табылады. Ірі қара мал шаруашылығымен (селекция, ірі қара мал өнімдерін өңдеу, жұқпалы аурулардың алдын алу және емдеу, өнім сапасына стандарттар белгілеу), қаракөл және  түйе шаруашылығымен (өсіру, алынған өнімді өңдеу), ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру және мал азығын өндірумен айналысады. Соңғы жылдары Қазақстан мен Шыңжан мал шаруашылығы саласын дамытуда үлкен бірін-бірін толықтыруларға ие болып отыр. Екі жақтың да жайылым, мал тұқымдары және өндірістік технологиялар аясында өзіндік жетістіктері бар.

Академик Р.Р. Шредер атындағы өзбек  бау-бақша,  жүзім шаруашылығы және шарап жасау ҒЗИ.

Институттың негізгі қызметіне мыналар кіреді: экологиялық тұрақтылығы, өнімділігі мен сапасы жағынан ертеден келе жатқан сұрыптарды басып озатын, су тұтыну коффициенті төмен, құрғақшылыққа және қатты суыққа  төзімді, ауруға, зиянкестерге қарсы тұра алатын жеміс және жүзімнің жоғары сапалы, жоғары өнімді  сұрыптарын жасау; әртүрлі топырақтық-климаттық зонада жеміс және жүзім сұрыптарын өңдеудің қор және еңбек үнемдеуші экологиялық қауіпсіз технологияларын өңдеу; таулы аудандардағы жүзім, жеміс және жаңғақ жемістілер мәдениетін өңдеу және игеру технологияларын жетілдіру; нарықтық экономика жағдайында  өндіріс мекемесінің озық формаларын өңдеу негізінде бақша және жүзім шаруашылығының экономикалық тиімділігін жоғарылату.