«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

Коррупцияға қарсы күрес

admin

2025 жылғы 10 қыркүйекте «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де «ҰАҒББО» КЕАҚ өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға Комплаенс-офицер – Утеев Е.С., Активтерді басқару және өндірістік қызмет департаментінің бас менеджері – Келесбаев А.Е., Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің менеджері – Әбішев Т.Ә. қатысты.

Кездесу барысында институт қызметкерлері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және азайтуға қатысты негізгі ережелермен, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтау шараларымен таныстырылды.

Ерекше назар антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және кәсіби қызметте адалдық қағидаттарын енгізуге аударылды.

Мұндай кездесулер ұйым жұмысының ашықтығын нығайтуға және әрбір қызметкердің этика мен заң нормаларын сақтау жөніндегі жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

 

 

Құжатты қарау: Хаттама 10.09.2025 ж.+

Құжатты қарау: Сыбалас жемкорлыкка карсы курес