«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ғалымдары а.ш.ғ.к. Ермаханов М.Н., а.ш.ғ.к. Калгимбаева М.А., а.ш.ғ.к. Саниязова А.Ж., т.т.ғ.м. Мырзакулов А.С. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғалымдарымен бірлесіп б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Қойбағаров Қ.У., PhD докторы Тургумбетов А.М., PhD докторант Хизат С., PhD докторант Токтарова Г.К. Түркістан облысы Отырар ауданы Маяқұм ауылында орналасқан «Усенов Н» ЖШС базасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Ғылыми зерттеулер аясында отырар зауыттық типтегі аталық түйелердің репродуктивтік қабілеттерін зерделеу жүзеге асырылуда. Жыныстық күйлеу кезеңінде аталық түйелерден эякуляттар алынып, қазіргі уақытта олардың шәуетінің сапалық және морфологиялық көрсеткіштері талдануда.
Сонымен қатар аталық түйелерден гормоналдық статусын одан әрі анықтау мақсатында қан үлгілері алынды, бұл репродуктивтік функцияның физиологиялық ерекшеліктеріне кешенді баға беруге мүмкіндік береді. Мұнымен қатар өнімділіктің маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде інгендердің сүтінің сапалық құрамы зерттелуде.
Жүргізілген жұмыстар отырар зауыттық типтегі түйелердің құнды генетикалық әлеуетін сақтау, ұтымды пайдалану және арттыруды ғылыми негіздеуге бағытталған.


